Главная » 2011 » Ноябрь » 6 » Қарапайым тұрғын әуе бомбаларын тауып алды
18:54
Қарапайым тұрғын әуе бомбаларын тауып алды
Алматы облысының Ақсу ауданында жергілікті тұрғын 14 жарылғыш зат тауып алды. Мамандар бұл заттардың әуеден тасталатын бомба екенін анықтады.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, снарядқа ұқсас заттар бейсенбі күні 16.00 шамасында Ақсу ауданындағы Баянжүрек мекенінде табылған. Жарылғыш заттарды тауып алған жергілікті тұрғын дереу жедел қызметтерге хабар береді. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан мамандар аттанды. Жүргізілген арнайы шараның барысында күдікті қарулардың әуеден тасталатын снарядтар немесе әуе бомбалары екені анықталды. 14 дана жарылғыш қарудың пішіндері конус тәрізді, ұзындығы – 95-100 см, диаметрі – 18-20 см.
Нұрлан СЕРПЕРБАЕВ, _Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы:

– Біз бұл оқиғаны ары қарай тексеруді Алматы облыстық ішкі істер департаментіне тапсырдық. Қазір әуе бомбалары табылған жерді «Арлан» арнайы жасағының мамандары тінтіп жатыр. Жарылғыш заттардың қайдан келгені және басқа да ақпараттар әзірше белгісіз._

Автор: Болатбек Мұхтаров
05.11.2011 12:10,
Алаш Айнасы – Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1203 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0
Календарь