Главная » 2012 » Июль » 10 » Астанада әскери дәрігерлер жаңа қонысқа көшті
12:35
Астанада әскери дәрігерлер жаңа қонысқа көшті
Астанада әскери дәрігерлер жаңа қонысқа көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Астанада Бас әскери клиникалық госпитальдің жаңа кешені ашылды.Бүгін Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бас әскери медициналық мекемеде болып, әскери дәрігерлердің жаңа қонысымен танысты.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, күрделі жөндеуден өткен жаңа кешен бұрнағы ғимаратпен салыстырғанда кең әрі қолайлы. Ескі госпитальдің аумағы небары 8 мың шаршы метрден сәл ғана асар болса, жаңа ғимарат 15 мың шаршы метрден асып жығылады. Оның ішінде үш қабатты – бір және бес қабатты екі корпус орналасқан. Госпиталь жаңа желдеткіш жүйелермен жарақтандырылған және 300 кереует орынға есептелген. Ескі ғимаратқа бар-жоғы 200 ем қабылдаушы ғана сиятын.

Жаңа кешенге көшкен Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің штаты кеңейіп, құрылымына өзгеріс енгізілді. Бүгінгі күні оның құрамында 6 диагностикалық және 16 клиникалық бөлімше, оның ішінде жаңадан ашылған урологиялық, гинекологиялық және отоларингологиялық бөлімшелер бар. Енді астаналық гарнизондағы әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері, Қарулы Күштердің ардагерлері жаңа технологиялар бойынша жан-жақты ем қабылдай алады.

Осыдан тура бір апта бұрын Алматы қаласында да әскери клиникалық госпиталь жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өткен болатын. Госпитальдің 32 бөлімшесі және 23 мың шаршы метрден тұратын аумаққа орналасқан көмекші үй-жайлары бар. Кешен компьютерлік томографиямен, жаңа УЗИ аппараттарымен және басқа да медициналық құрылғыларымен жабдықталған.

«Астанадағы жаңа қоныста әскери дәрігерлер әлемнің үздік өнім өндірушілері шығарған жаңа медициналық құрылғыларды іске қосты. Енді бұл жерде жаңа медициналық технолгиялар бойынша диагностикалар және ем жасауға барынша мүмкіндік туып отыр»,-делінген ҚР ҚМ мәліметтерінде.

09.07.2012
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1384 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Календарь
«  Июль 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031