Главная » 2011 » Октябрь » 10 » Ауған билігі мен НАТО елде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады
16:04
Ауған билігі мен НАТО елде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады
Тәліптер билігінің құлатылғанына он жыл өтсе де, Ауғанстан билігі мен НАТО елде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады деп мойындады Ауғанстан президенті Хамид Қарзай британдық Би-би-си ақпарат құралына берген сұқбатында.

Ол сондай-ақ Пәкістанды бүлікшілермен байланысы бар деп айыптап, олардың елдегі ұясын жою керек деп санайды. Хамид Қарзай 2014 жылы өзінің отставкаға кететінін, қазір орнына қалатын ізбасар мәселесін ойластырып жатқанын хабарлаған.

Бұған дейін Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесуші халықаралық күштердің бұрынғы қолбасшысы генерал Стэнли Маккристал АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операцияны ол ел туралы үстірт түсінікпен бастағанын және тым созылып кеткен бұл операцияны қалай аяқтауды әлі күнге білмей отырғанын мәлімдеп, сынға алған еді.

Генерал Маккристал "АҚШ пен одақтастары Ауғанстанға қатысты алға қойған мақсаттарының жартысына да жеткен жоқ” деген баға берді.
08.10.2011 11:45,
Новости Today.kz
Категория: Международные военные новости | Просмотров: 1282 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
Календарь
«  Октябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31