Главная » 2011 » Ноябрь » 9 » Ауғанстанда екі көлік жарылып, он бір адам қаза тапты
20:27
Ауғанстанда екі көлік жарылып, он бір адам қаза тапты
Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Бадгис провинциясында жол шетіне қойылған бомбадан он бір адам қаза тапты. Оның тоғызы – бір үйдің адамдары.
Ішкі істер министрі полицияның көлігінде болған жарылыстан екі полицей қаза тапқанын айтады. Жанында жарылған көлікте де бір отбасының адамдары отырған. Жарылысты ешкім мойнына алған жоқ. 
Жарылыс "ауған тәліптерінің жетекшісі молла Омар өз жақтастарына бейбіт тұрғындарға зардап шектіруден сақтану керектігін айтты” деген мәліметтен бірнеше күннен соң, құрбан айттың екінші күні болды. Жұма күні тәліптердің веб-сайты хабарлауынша, молла Омар "бейбіт тұрғындардың өліміне себепші болғаны үшін жақтастарын шариғат заңы жазалайтынын” айтқан. 

Новости Today.kz
Категория: Международные военные новости | Просмотров: 1126 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
Календарь