Главная » 2011 » Ноябрь » 2 » Қазақстандық арнайы қызметтер «Халифат жауынгерлері» исламистік ұйымы туралы ақпараттың шынайылығын тексеріп жатыр
14:27
Қазақстандық арнайы қызметтер «Халифат жауынгерлері» исламистік ұйымы туралы ақпараттың шынайылығын тексеріп жатыр
Қазақстандық арнайы қызметтер «Халифат жауынгерлері» исламистік ұйымы туралы ақпараттың шынайылығын тексеріп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Өсер Мизанбаев.

«Ондай ұйымның бар-жоқтығы туралы біржақты айта алмаймыз, бірақ тексеріп жатырмыз. Жалған аттылар көп қой», – деді ол мәжілісте журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Қазақстанда жаңа лаңкестік актілердің қаупі бар ма деген сұраққа ол «Қазақстанның құқық қорғау органдары, ҰҚК бұл қауіптерді ығыстыру үшін бәрін жасап жатыр» деді.

Мұның алдында хабарланғандай, джихадшылардың түрлі топтарының мәлімдемелерін іздеп-табуға маманданған американдық Site Intelligence Group ( SIG ) сайты Jundal-Khilafah(Халифат жауынгерлері) тобы Атыраудағы жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын хабарлады.

Американдық сайттың аудармасына сәйкес, «Халифат жауынгерлері» бір жарылыс кездейсоқ жасалған, оның кезінде орындаушы қаза болған. SIG бұрын белгілі болмаған бұл топтың талаптарына құлақ аспаса, джихадшылар «қанаушылар шабармандарының қаны үзіліссіз төгілетінін» уәде етіп отырғанын хабарлайды.
31 қазанда Атырауда екі жарылыс болды. Бір жарылыста Қазақстанның 24 жасар азаматы қаза болды, жарылыстарды ұйымдастыруға оның қатысы бар деп болжанып отыр.
02.11.2011 15:15,
Новости Today.kz
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1387 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Календарь