Главная » 2011 » Октябрь » 10 » ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми «Маутхаузендегі фашизм құрбандар мемориалдарына гүл шоқтарын қойды
15:10
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми «Маутхаузендегі фашизм құрбандар мемориалдарына гүл шоқтарын қойды
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми 10-11 қазанда өтетін Австрияға жұмыс сапары аясында бұрынғы «Маутхаузен» концентрациялық лагерінде болып,
фашизм құрбандары мен Ұлы Отан соғысы кезінде Австрия аумағында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер мемориалдарына гүл шоқтарын қойды.

Дүйсенбі күні, 10 қазанда сапардың негізгі күн тәртібінде Қ.Мәмидің Австрияның федералдық президенті Хайнц Фишермен және австриялық парламенттің спикері Барбара Праммермен кездесулері жоспарланған, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін және екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылын талқылайды.

Осы күні ҚР Сенатының төрағаы австриялық іскер элита өкілдерімен, соның ішінде «Bank Austria», «Raiffeisen Zentralbank қаржылық тобы және «Vamed» концерні басшылығымен кездеседі, сондай-ақ «Австрия-Орталық Азия» парламенттік тобының парламентизмді дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстеліне» қатысады.

Екі күндік жұмыс сапарының барысында қазақстандық спикер Вена қаласындағы Дипломатиялық академияда «ҚР-дағы құқықтық жүйені реформалау» тақырыбында дәріс оқиды, еуропалық академиялық топтардың жетекші өкілдерінің, австриялық профессура мен студенттік құрамының алдында сөз сөйлейді.

Новости Today.kz
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1388 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Календарь
«  Октябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31