Главная » 2011 » Октябрь » 10 » Салафиттер уағызларын MP3 форматта жазып насихат жасауда
15:08
Салафиттер уағызларын MP3 форматта жазып насихат жасауда
Оңтүстік Қазақстан облысы "Имам Ағзам” мешітінің имамы Б.Махамаддинұлының айтуынша, "Қырғы базар” маңында ұялы телефондарды жөндейтін шеберлердің көпшілігі "салафиттер” көрінеді.

Олардың қызметіне жүгініп келетіндердің дені жастар. Әлгілер осыны пайдалана отырып, әлі ақылы толыса қоймаған жасөспірімдердің ұялы телефондарына өздерінің MP3 форматында жазылған уағыздарын жүктеп, толтырып салып береді.

Қайсыбір жас балалардың телефонын ақтарсаңыз, осы секілді уағыздарға кезігесіз. Және солардың сөздерін жаттап алып, халық арасында сол уағыздарды одан әрі насихаттауда.

Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық әкімдігінде аудан прокуратурасының, Оңтүстік Қазақстан облысы Діни істер департаментінің, Ішкі істер бөлімі, Еңбекші ауданына қарасты аумақта орналасқан мешіт имамдарының қатысуымен өткен жиында осындай мәлімдеме жасалды.

Алғаш болып сөз алған Еңбекші аудандық прокурорының аға көмекшісі Сәтбай Батырбеков еліміздің, қоғамның тыныштығын бұзып, берекесін ала бастаған, халықтың көкейіне үрей ұялатып, мемлекет дамуына қауіп тудырып отырған діни экстремизмге қарсы ауқымды түрде жұмыс жүргізу керектігін айтты.
Бүгіндері ислам атын жамылып, халықтың орнығып қалған сенімін бұзуды, сол арқылы қатарларын көбейтіп, елді бұтарлауды мақсат тұтатын діни секталардың көбейіп бара жатқандығына тоқталды. Сондай-ақ, еліміздің Қылмыстық кодексінің дін мәселесіне қатысты тұстары заман талабына сай келмейтінін атап өтті.

Таяуда ғана құрылған Дін істері жөніндегі агенттік бұдан былай діни экстремизмнің елімізде пайда болған ошақтарын анықтап, елді шатастыруды мақсат ететін әрбір діни бірлестіктерді заңды түрде қудалап, сондай ниеті барларға қарсы қатаң түрде шаралар жасамақшы.

"Имамдар исламистік секталардың шынайы исламнан айырмашылығын, олардың арам ниетті пиғылдарын халық арасында жан-жақты түсіндіріп, елді бірлікке шақыру ісіне атсалысуы керек”, – деген заң қадағалаушылар экстремизмге қарсы әрекет жасауда мешіт қызметкерлерінен, имамдардан үлкен көмек күтетін ниеттері барын білдірді. Ал имамдар болса, өз тарапынан құқық қорғаушылардың жұмыстарына көңілдерінің толмайтындықтарын жеткізді. Мешіт имамы "салафиттер” осылай-ақ өздерінің қатарын көбейтіп жатқанына шүбәм жоқ.

Құқық қорғаушыларымыз осы жайттардан бейхабар ма, әлде бастарын ауыртқылары келмей ме, әйтеуір, әлгі дінбұзарлардың жолын кесуге аса бейіл болмай отырған сияқты”, – дейді.

Сонымен қатар, жиын барысында қаламыздағы А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы "Гарант” сауда үйі маңында ұсталған ұялы телефондар сататындардың да дені осы секілді экстремистік бағыттағы секта өкілдері деген сөздер де айтылды. Б.Махамаддинұлының айтуынша олар қатарларын толықтыру үшін жастарға үгіт-насихаттарын еркін жасап, кейде ұялы телефонды тегін үлестіре салады екен.

Расында да алаңдатарлық жағдай екеніне шүбәміз жоқ. Бұл жердің ұрланған, ұсталған телефондарды сататын "қара базарға” айналғанына да талай жылдың жүзі болды. Құқық қорғаушылар қанша алысса да, әлгіндей "сотка” сатқыштардың жолын түбегейлі түрде кесе алмай-ақ келеді.
Шынында да бұл жердің үгіт-насихат жасауға таптырмайтын орын екеніне дау жоқ. Төрт жолдың торабына орналасқан әйгілі "Гарант” бүгінде жастар көп шоғырланатын мекенге айналған.

Жиын барысында хижап кию, сақал қою мәселері де талқыланды. Дін қызметкерлері киім кию жөнінде пайғамбарымыздың өсиеттерін алға тартты. Мәселен, Мұхаммед пайғамбарымыздың "Заман талабына сай киім киген дұрыс” деген өсиеті бар.

Хижаптың араб тектес ұлттардың ұлттық киімі екені, ислам қағидалары тек сақалды дағарадай қып өсірумен шектелмейтіндігі, зайырлы мемлекеттің заңына, өмір салтына лайықты түр-келбеттің сақталғаны жөн деген сөздер айтылды. Жиынды қорытындылаған қатысушылар мемлекеттің діни экстремизмге қарсы жүргізіп жатқан саясатына қолдау көрсетуге, мешіт қызметкерлерінің дін бұзарлардың алдын алуға қатысты насихат аясын кеңейтуге шақырды.
Ислам , Общество , ЮКО, Шымкент Страны: Казахстан
10.10.2011 14:13,
Новости NUR.KZ
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1120 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Календарь
«  Октябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31