Главная » Статьи » Советский Казахстан » Казахстанцы в военных конфликтах за пределами СССР

Ерліктің ерен үлгісі
1992 жылдың 15 – мамырындағы "Ұжымдық Қауіпсіздік” келісіміне қол қойылды. Осыған сәйкес 1995 жылдың 7-сәуірінде Ішкі әскердің арнайы ротасы Тәжік-Ауған шекарасының тыныштығын қадағалауға аттандырылып, 17 боздақ Пшихарв аңғарында шейіт болды.

Моджахедттердің үсті-үстіне жасаған шабуылына қасық қандарын сарп ете тойтарыс берген сарбаздар ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Қазір осы оқиға еске түскенде жанарларға жас үйіріледі. Аман қалғандардың омырауларындағы медальдер күн шуағына шағылысса, опат болғандар естеліктерге арқау болады.
- Біз 7-сәуір күні Пшихарв аңғарында моджахедттердің жолын бөгеуге тиіс болдық. Олар қару-жарақ пен есірткі тиелген жүк машиналарымен аңғарды тіліп өтпекке ниеттенді. 12:30-да ұрыс басталып кетті. Үш күнге созылған шайқастың ең ауыр уақыты бес сағатты құрады. Осы аралықта біз 17 қаруласымыздан айырылып, 38 адам жарақат алды. Қиян-кескі ұрыстан кейін бізге елге қайтуға ұсыныс түсті. Бірақ біз ұсыныстан бас тартып, азаматтық борышымызды аяғына дейін сол жерде өтеп шықтық,- деп еске алады сол кездегі қатардағы жауынгер, қазіргі полиция старшинасы Е.Жұрынтаев.
Өз кезегінде рота командирі Е. Алтыназаров: "Маған бүгін естелік айту өте ауыр болып тұр. Менің қызметімді атқарған адамдар бұл жұмыстың қиын екенін біледі. Өйткені, біз әр сарбаздың өміріне жауаптымыз. Ал мен 17 сарбаздан айырылдым”,-деп күрсінді.
17 боздақтың есімін тарих парақтарында мәңгілікке қалдыру үшін Астанадағы "Отан-ана” монументінінің жанынан Аллея ашылды. Осы жерге 17 түп ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта Аллеяға мемориалды тақта орнатылып, ондағы тасқа 17 сарбаздың есімі қашалып жазылады.
Аллеяның ашылу салтанатында сөз сөйлегендерді арасында 17 сарбаздың аналарының бірі Ж.Бекебаева да болды. Ол: – Отан үшін опат болғандардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Олардың есімдері жүректерге жазылады,-деді.
Серік БАЙБОЛ
Категория: Казахстанцы в военных конфликтах за пределами СССР | Добавил: Marat (20.11.2011)
Просмотров: 1784 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0