Главная » Статьи » Советский Казахстан » Казахстан во время второй мировой войны

Рахымжан Қошқарбаевты Ресей 62 жылдан кейін мойындады.

Рахымжан Қошқарбаевты Ресей 62 жылдан кейін мойындады.

Рахымжан Қошқарбаевты Ресей 62 жылдан кейін мойындады.

 
Ұлы жеңіс күні қарсаңында тарихымыздың тағы бір жарқын беті ашылды. Ұлы Отан соғысының батыры Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа жеңіс туын тіккенін жарты ғасырдан аса уақыт өткенде ғана растаған Ресей осы ерлікті айқындайтын құжаттарды еліміздің мемлекеттік өнер мұражайының қорына табыстады.

Бүгін Алматыда осы қуанышқа орайластырылған салтанатты шара өтті. 62 жыл бойына Ресейдің әскери тарих институтының қойнауында сақталған құжатта көрсетілгендей, 1945 жылдың 30-сәуірінде, Рахымжан Қошқарбаев шайқасқан 150-ші атқыштар дивизиясы Рейхстагты шабуылдайды. Жаңбырдай жауған оқтан жасқанбаған лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов, фашистер тірегінің кеңсесіне бәрінен бұрын жетіп, жеңіс туын Рейхстагтың бірінші қабатына тігеді. Осы ерлігі үшін 150-ші дивизия басшылығы қазақ жауынгеріне Кеңес Одағының батыры атағын беру туралы ұсыныс жолдайды. Алайда, сол кездегі КСРО басшылары әділетсіз шешім қабылдап, Қошқарбаевқа ең жоғарғы награданың орнына «Қызыл Ту» ордені бұйырады. Енді, міне, арада жарты ғасыр өткен соң, ресми Мәскеу тарихи қателікті түзетіп, қазақ батырының ерлігін мойындауға мәжбүр болып отыр. 

Болат Асанов, тарих ғылымдарының кандидаты: 
- Мамырдың ішінде жазылған құжат. 150-ші дивизияның басшысы айтқан ғой: Кеңес Одағының батыры мәртебесіне лайық деп. Водрузил знамя победы на Рейхстаге, первым ворвался. Одан басқа не керек.

Тарихи деректерге сәйкес, сол күні Рейхстагтың төбесінде 40 жалау желбіреген екен. Алайда олардың тек тоғызы ғана жеңіс туы, қалғандары шабуылға қатысқан әскери бөлімшелердің байрақтары көрінеді. Қазақ батырының нағыз жеңіс туын бәрінен бұрын тіккені ресми құжаттарда анық көрсетілгенімен, абыройдың бәрі, коммунистік партия насихаттаушыларының Сталинге дайындаған сценарийі бойынша, грузин жауынгері Кантария мен орыс сарбазы Егоровқа бұйырады. 

Нүри Едігенов, ҰОС ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты: 
- Құжат бойынша әлгі полктың ұсынысы, дивизияның, корпустың, армияның ұсынысы барлығы да дұрыс. Фронтқа барғанда, фронтта бірнеше армия бар ғой, командующий фронта басқа орденмен ауыстырады. Сөйтіп Қызыл жұлдыз орденін алып қалған.

Тарихымыздың жарқын бетін ашуға айтулы үлес қосқан ғалым Болат Асанов енді бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, өмірден озған қазақ жауынгеріне кезінде берілмей қалған Кеңес Одағының батыры атағының берілуі ісін қолға алмақ.

http://www.massagan.com

Категория: Казахстан во время второй мировой войны | Добавил: Marat (08.05.2012)
Просмотров: 2128 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0