Главная » 2011 » Ноябрь » 2 » Қатаң тәртіптегі колонияда отырып жаңа қылмыстар ұйымдастырған
15:02
Қатаң тәртіптегі колонияда отырып жаңа қылмыстар ұйымдастырған
Қызылордада полиция қызметкерлері қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жүрген «қылмыстық беделдінің» жаңа қылмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар екенін дәлелдеді.

«Лақап аты «Нұршат» қылмыстық әлем серкелерінің бірі жергілікті ЗК-169/5 қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жүр. Ол ҚР ҚК 175 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған болатын. Ол адамдар тобымен аса ірі көлемде 28 эпизодтық ұрлық жасаған», – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің инспекторы Тимур Махамбетов.

Оның айтуынша, ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) оперативті қызметкерлері оның жаңа қылмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар екенін дәлелдей алды. «Нұршат қамауда отырып, сыбайластарымен телефон арқылы байланысып, оларға нұсқау беріп отырған», – деді ҰҚКБ бастығы Шанжархан Қауленов.

Оның айтуынша, «10 қырқүйекте Қызылорданың төрт тұрғыны ЗК-169/5 колониясына есірткі тастамақ болған, алайда қолға түсті». «Полицейлер Nissan Primera көлігінің салонынан жасыл түсті зат салынған бірнеше полиэтилен пакет пен пластмасса бөтелке тауып алған. Сараптама оның жалпы салмағы 1 кг 335 гр марихуана екенін көрсетті. Бұдан басқа, 30 мың теңгеге жуық ақша, ұялы телефондардың бірнеше сим-картасы, қуаттағыш құралдары табылды. Ол кезде ұсталғандарға қатысты есірткі заттарын сақтау мен сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Ш.Қауленов.

Алдын ала тергеу барысында Нұршат колонияның ішінде қылмыстық топ ұйымдастырып, құрғаны анықталды. «Тергеу басқармасы ҚР ҚК 235 бабы (қылмыстық топты немесе қоғамдастықты құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу)» бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп нақтылайды Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі.
02.11.2011 14:17,
Новости Today.kz
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 992 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Календарь