Главная » 2011 » Ноябрь » 6 » Қазақстан Ауғанстанға көмекті жалғастыра береді
19:30
Қазақстан Ауғанстанға көмекті жалғастыра береді
ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов 2 қарашада Ауғанстан бойынша халықаралық конференция жұмысына қатысты. Аталмыш конференцияға Ауғанстан, Пәкістан, Түркия елдерінің президенттері, 24 мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, тоғыз аумақтық және халықаралық ұйымдар қатысты.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы сөз сөйлеуде аталған форумның маңыздылығы Ауғанстандағы жағдайды ішкіұлттық татуласу арқылы әрекеттесумен тұрақтандыру және осы елге аумақтық ынтымақтастық мәтінінде бейбітшілік пен тиімді жағдай туғызу мақсатын жүзеге асыруын атап кетті. Қазақстан Алматыдағы есірткі құралдарының және психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Ортаазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орталығы штаб-пәтерінің қызметін қолдай отырып, есірткі бизнесі мен трансұлттық есірткі трафигіне қарсы күресіне аса мән береді. Ауғанстанның әлеуметтік-эконо­микасының қайта құрылуы – аумақтық және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып саналады. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан қайтарымсыз жыл сайын 200 ауған студентін ҚР жоғары оқу орындарында оқытып келеді, азық-түлік пен мұнай өнімдерін жеткізіп отырады, Астанада 2011 ж. қараша айының ортасында Ауғанстан бойынша халықаралық байланыс тобының келесі отырысын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстандық министр Ауғанстанды қайта қалпына келтіру мен тұрақтандыруда бірқатар тәжірибелі бастамаларды, оның ішінде өзінің халықаралық сұранысын дәлелдеген АӨСШК құрылымдары арқылы жүзеге асыруын алға ұсынды.

Халықаралық қауымдастықтардың бейбітшілік құрудағы біріккен күштеріне ұсынған бастамаларының негізгісі – ол мемлекетіміздің Елбасы бастаған 2011 жылғы қыркүйектегі БҰҰ БА трибунасынан айтылған ұсынысы.
04.11.2011 14:38,
Алаш Айнасы – Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 950 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Календарь