Главная » 2011 » Ноябрь » 9 » Милитократия – әскерилердің билігі
19:10
Милитократия – әскерилердің билігі
*Саяси әдебиетте қолданылатын милитократия термині қандай мағынаны білдіреді?
Бауыржан Қанибеков,* Талғар 

Милитократия (лат. miles, militis — әскер, сарбаз, грек тіл. кратос — билік) әскерилердің билігі, әс­кери диктатура, әскери құрылымдардан шыққандардың билігі.

Милитократия ұғымы әскери ортадан іріктеліп шыққандардың билігін білдіреді. Оған Латын Аме­рикасындағы көптеген мемлекеттердің әскери хунталары мысал бола алады. Милитократияның классикалық үлгісі ретінде 45 жылдан бері генералдар үзіліссіз билеп келе жатқан Мьянма елі аталады. Ресейдегі қолданбалы саясаттану институтының директоры Ольга Крыштановскаяның пікірінше, қазіргі Ресейді милитократияның билігі жүріп тұр. Себебі федералды органдардағы жо­ғары лауазымды қызметтердің жартысына жуығын күштік құрылымдардан шыққандар билеп-төстеп отыр. Ал 1999 жылы олардың үлесі 13 пайыз ғана болған.

Алаш Айнасы – Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1276 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
Календарь