Главная » 2011 » Ноябрь » 12 » Шұғыл ақпарат: Жарылыстар Таразға жетті
14:10
Шұғыл ақпарат: Жарылыстар Таразға жетті
Бүгін таңертең Тараз қаласында Абай мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында, облыс әкімшілігіне жақын жерде жарылыс болған. Бұл туралы бірқатар ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр. Түрлі деректерге қарағанда, атыс кезінде кемінде үш адам оққа ұшқан. «Қазақ жаңалықтары» ақпарат агенттігіне оқиғаны көзімен көрген адам хабарласқан. Ол адам: «таңертең 9.30 жарымда әкімшілік маңындағы аң аулау құралдарын сататын дүкенді тонап, күзетшіні өлтіріп кеткен. Ал, сәлден кейін әкімшілік ғимаратының маңында жарылыс болып, атыс орын алған» дейді. 

Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы жарылыстың болғанын растаған отыр деп хабарлайды, азаттық радиосы.

Агенттіктер ақпаратына қарағанда, Тараздың төбесінде сиренасы қосылған тікұшақтар қарасы көбейген және жарылыс болған аумақ қоршауға алынған.

Ал, ҰҚК, ІІМ және басқа ресми орындардың сайтында оқиға орын алғанына шамамен төрт-бес сағат уақыт өтсе де ешқандай хабар жазылмаған. Ресми түрде де құзырлы орындар мәлімет таратқан жоқ.

Соңғы жеткен хабарға қарағанда, Таразда 9 жарылыс болған. Соның бірі "Кайкармет” базарында болды деген мәлімет бар.

Бұған дейін еліміздің Ақтөбе облысында Кеңқияқ оқиғасы, Атырауда бірнеше жарылыс болған еді. Атыраудағы жарылысты «Халифат сарбаздары» ұйымы өз мойнына алып, Қазақстан билігі дін туралы заңды қайта қарамаса, елдің түрлі аймақтарында жарылыстар ұйымдастыратынын мәлімдеген болатын. «Халифат сарбаздары» ұйымының жетекшілері Ауғаныстан мен Пәкістан елдері шекаралары маңында бой тасалап, соғыс жүрген Қазақстан азаматтары екені белгілі болған.

Тараздағы жарылыс туралы қосымша хабарлап отыратын боламыз.
«Абай-ақпарат»
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1579 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Marat  
0
Тараз орталығындағы тағы бір жарылыстың жолы кесілді

Жаңа ғана Тараз қаласының орталығы – Абай даңғылы мен Ташкент көшесінің қиылысында тағы бір жарылыс жасау әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады Жамбыл облысының құқық қорғау органдарының жедел тобы.

Құқық бұзушылар құрықталды. Қала орталығы күш құрылымдары қызметкерлерімен қоршауға алынды.

Алдын ала болжам бойынша, гастроном алдындағы жарылыстан бір адам қаза тапты.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Календарь