Главная » 2011 » Октябрь » 10 » ӘСКЕРГЕ ДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІЛЕР КЕРЕК
14:23
ӘСКЕРГЕ ДЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІЛЕР КЕРЕК
Ел көлемінде күзгі әскерге шақыру маусымы басталды. 1-ші қазаннан бастап өңірімізде де белсенді түрде жүзеге асып жатқан шара желтоқсанның 20-на дейін жалғасады. Осы мерзім ішінде облысымыздан әскер қатарына 600 жауынгер аттанбақшы.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді жинақтау және әскерге шақыру басқармасының бастығы Есім Мұратовтың айтуынша, қазіргі таңда азаматтардың әскерге деген құлшыныстары жоғары. «Бұның басты себебі – әскери бөлімдердегі жағдайдың жақсарғандығы» деп атап өтті сала басшысы.
Әскерге шақыруда биылғы жылы да жоғары білімі бар азаматтарға басымдылық беріледі. "Қазіргі уақытта әскери бөлімдерде соңғы техникалар, компьютерлер қолданыла бастады. Осыған орай соңғы жылдары елімізде әскер қатарына жоғары білімді, епті азаматтарға деген сұраныс артып тұр. Биылғы жылы өңірімізден жіберілетін 600 сарбаздың кем дегенде 25-30 пайызы жоғары білімді жастар болмақ”,-дейді Е.Мұратов.
Өңірде қазір әскери шақырылымның алғашқы сатысы- медициналық тексеріс қызу жүріп жатыр. Дәрігерлер елін қорғай аламын деген жігіттерді іріктеу үстінде. Сала мамандарының айтуынша, әсіресе "Ұлан” қатарына алынатын сарбаздарға қойылатын талап жоғары. "Тәнінің саулығымен қатар, "Ұланға” алынатын болашақ сарбаздың сыртқы түрі де, сымбаты да сайма-сай болуы тиіс. Өйткені, ол жауынгерлер ертең елімізде өтетін мемлекеттік шараларды және маңызды нысандарды қорғау, шетелдік делегацияларды қарсы алу сықылды шараларды орындайды”,-дейді мамандар.
Күзгі шақырылымның алғашқы легіндегі сарбаздар әскерге қазанның орта тұсында аттанады.
Мәншүк ШАПХАТҚЫЗЫ.

Танымалдығы: есептелмеді
10.10.2011 15:36,
Атырау газеті
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1570 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Календарь
«  Октябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31