Главная » 2011 » Ноябрь » 2 » Соғыс мүгедегін бағып-күткенім үшін жәрдемақы беріле ме?
15:10
Соғыс мүгедегін бағып-күткенім үшін жәрдемақы беріле ме?
*Мен ҰОС ардагері, І топтағы мүгедек қайын атамды күтіп отырмын. Сол себепті жұмысымды тастауға мәжбүр болдым. Менің білгім келгені, осыған орай маған мемлекет тарапынан жәрдемақы төленуі тиіс пе? Немесе жергілікті билік тарапынан әлеуметтік жәрдем қарастырылған ба?

Ақайша Ахметова,* Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарапшы маманның мәліметіне сүйенсек, I топтағы мүгедекке күтім жасағаны үшін төлемақы қолданыстағы заң нормалары бойынша көзделмеген.

Заң нормалары бойынша әйелдерге 58 жасқа толғанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан 20 жыл керекті еңбек өтілі болған жағдайда зейнетақы тағайындалады. Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін жұмыс­та болған үзілістерге қарамастан, 1995 жылдан бергі уақыт аралығынан, қатарынан кез келген үш жыл жұмыс үшін орташа табыс айлық ескеріледі. Бұл орайда табысы туралы анықтама болмаған жағдайда тиісті толық еңбек өтілі болуына байланысты төмен мөлшердегі зейнетақы тағайын­далатын болады.

Ал тиісті 20 жыл еңбек өтілі болмаған жағдайда толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарында болған еңбек өтіліне пропорциялы үлес ретінде есептеледі.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлеріне, басқа да әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.
02.11.2011 13:37,
Алаш Айнасы – Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1362 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Календарь