Главная » 2011 » Октябрь » 10 » Сыртқы істер министрі АҚШ өкілімен Ауғанстан мәселесін талқылады
16:02
Сыртқы істер министрі АҚШ өкілімен Ауғанстан мәселесін талқылады
Кеше еліміздің сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан елдері жөніндегі арнайы өкілі Марк Гроссманды қабылдады.

Кездесу барысында министр Ержан Қазыханов Қазақстан мен АҚШ арасындағы жиі өткізілетін саяси кеңестердің қазақстандық-америкалық әріптестіктің одан сайын нығаюын аңғартатынын атап өтті. Өз кезегінде АҚШ өкілі М.Гроссман да екі мемлекет арасындағы кең ауқымды ынтымақ­тастық бағдарламаларына қанағаттанарлық білдіретінін мәлімдеді. Бұл ретте, мейман екі ел арасындағы әріптестікке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы АҚШ-қа сапары және Ел­басының АҚШ басшысы Барак Обамамен келіссөздер жүргізуі, сондай-ақ АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның ЕҚЫҰ саммитіне қатысқаны тың серпін бергенін атап өтті. Жүздесу барысында Ауғанстанның ағымдағы жағдайы да талқыланды. Бұл ретте ҚР сыртқы істер министрі еліміздің ауған үкіметі мен халықаралық қауымдастық тарапынан елдегі басқарушылықтың жауапкершілігін, есірткімен күресті, заңды ауыл шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу шараларын қолдайтынын атап өтті. АҚШ өкілі Қазақстан тарапына Ауғанстандағы тұрақтандыру жөніндегі халықаралық шараны қолдағаны үшін, әсіресе осы елге экономикалық жәрдем беріп, білім беру бағдарламасын жүзеге асырғаны үшін алғысын жеткізді.

Автор: Жарқын Түсіпбекұлы
08.10.2011 12:57,
Алаш Айнасы – Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Категория: Международные военные новости | Просмотров: 884 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Календарь
«  Октябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31