Главная » 2011 » Ноябрь » 13 » Таразда коменданттық сағат режимі енгізілген жоқ және енгізілмейді де
16:07
Таразда коменданттық сағат режимі енгізілген жоқ және енгізілмейді де
«Таразда Ішкі істер министрі бастаған арнайы ведомствоаралық тергеу жедел тобы құрылып, тиісті шаралар қолдануда»,- деді бүгін Бас прокурордың орынбасары Нұрмұхамбет Исаев Таразда болған жарылыстарға байланысты журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәліметтеріне қарағанда, Таразда болған оқиғаға байланысты тергеу толық көлемде жүргізілуде. «Біз үшін басты мәселе болған оқиғаның мән-жайын бүге-шігесіне дейін анықтау. Таразда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары күшейтілген режимде жүргізілуде. Ал қалада коменданттық сағат режимін енгізу мәселесі қолға алынған жоқ, алынбайды ба»,-деді Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ ол сөзінде қалың көпшілікке интернетте жазылып жүрген еліміздің басқа да аймақтарында жарылыстар болды деген сыңайдағы жалған мәліметтерге сене берудің қажеттігі жоқ екендігін ескертті.
13.11.2011 11:21,
Новости Today.kz
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1211 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Календарь