Главная » 2011 » Ноябрь » 13 » Тараздағы жарылысқа жауапкешілікті "Халифат сарбаздары" алды
15:37
Тараздағы жарылысқа жауапкешілікті "Халифат сарбаздары" алды
Қазақстанның ҰҚК-нің шекаралық қызметі Тараздағы террорлық актілерден кейін Қырғызстанмен шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Хабарларға қарағанда, қауіпсіздік жағдайлары елдің басқа да аймақтарында, оның ішінде Астанада күшейтілген.

Сенбі күні Тараздағы жарылыс пен атыстардан бес полицияны қосқанда жеті адам қаза тапты. Жихад жариялау идеясын ұстанған 34 жастағы жігіт соңында өзін жарып жіберді деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Тағы екі полиция қызметкері оқ тиіп жараланған. Бұл оқиғаға қатысты терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі өз бақылауына алған. Тараздағы жарылысқа да жауапкершілікті "Халифат сарбаздары” тобы алып, мұндай шабуылдар жалғаса беретінін мәлімдеді деп ақпарат DPA агенттігі хабар таратты.

Тараздағы қантөгіс соңғы екі аптада болып отырған екінші террорлық жарылыс. 31-ші қазанда Атыраудағы облыстық әкімшілік ғимаратына жақын жерде жасалған екі жарылысты "Халифат сарбаздары” исламшыл тобы өз мойнына алып, бұл Қазақстанның дін туралы заңына қарсылық деген еді.

Новости Today.kz
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1649 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Marat  
0
Таразда 7 адам қаза болды

“Тараздағы атыс пен жарылыста қаза болған адам саны 7-ге жетті, олардың бесеуі – полиция қызметкерлері” деп хабарлайды Бас прокуратура.

Сенбі күні Астанада Қазақстан бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев шұғыл брифинг өткізді. Исаевтың мәлімдемесінде Тараздағы жарылысқа 1977 жылы туған М.К.Кариев есімді азаматтың қатысы бар екендігі және оның джихатты үгіттегендігі айтылды.

Бұдан бұрын Қазақстан ішкі істер министрлігі бүгін Жамбыл облысы Тараз қаласындағы атыс пен жарылыста 5 адам мерт болды деп хабарлаған болатын.

“Қарашаның 12-сінде Тараз қаласындағы бір қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалып, бір күзетші өлтірілді, тағы бір адам жараланды. Сонымен қатар 2 “Сайга” мылтығы ұрланды. Шабуылдан кейін қылмыскер қашып кетті”, – делінген сенбі күні министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

“Қылмыскерді қолға түсіру барысында 2 полиция қызметкері оққа ұшты. Орталық дүкендердің бірі жанында тұтқындау операциясы барысында жараланған қылмыскер өзін-өзі жарып жіберді, нәтижесінде полиция қызметкері қаза болды”, – делінген министрлік баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Календарь