Главная » 2013 Ноябрь 19 » Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде Ішкі әскер жауынгерлері батылдық көрсетті
21:47 Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде Ішкі әскер жауынгерлері батылдық көрсетті | |
Кешегі күні Алматыдағы «Құлагер» базарында орын алған өрт апатын жоюға
қалалық Ішкі істер департаменті полиция қызметкерлерімен бірге Ішкі
әскердің 5571 әскери бөлімінің құрамында екі жүз жауынгері бар жедел
әскери жасағы тартылды. Қазіргі уақытта жеке құрам оқиға орнында ұрлық-қарлық пен базар аумағына азаматтардың заңсыз енуіне жол бермеу мақсатында жауынгерлік қызмет атқаруда. Қызмет барысында Ішкі әскер сарбаздары батылдық пен қырағылық үлгілерін танытуда. Мысалы, жедел мақсаттағы взвод командирі аға лейтенант Равшан Розматов әскери тізбекті аралау кезінде жанып жатқан ғимараттардың бірінен ес-түссіз құлап жатқан 30-35 жас шамасындағы әйелді байқап қалды. Дереу қатардағы жауынгер Марат Қазимов екеуі әлгі әйелді қауіпсіз жерге алып шығып, оған әскери фельдшер прапорщик Жұлдыз Садықова алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккен әйел адам есін жиған соң, оның осы базарда сатушы болып жұмыс істейтін Әйгерім Ибраева екені анықталды. Осы күні сағат 09.10 шамасында белгісіз 4 азамат бутиктердің біріне еніп, анасының тапсыруымен заттарды күзетіп тұрған 10-12 жас шамасындағы қыздың қарсылығына қарамастан, ондағы мүлікті ұрлауға әрекет жасап жатқанда сержант Нұрбек Мамбетұлы бастаған әскери жасақ көмекке келген. Шұғыл түрде әскери жасақ ұрлық жасамақ болғандардың екеуін қолға түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал, зардап шеккен Назгүл есімді қыз әскери фельдшер медициналық жәрдем көрсеткен соң, ата-анасына тапсырылды. 11 сағат 20 минутта «Құлагер» базарына кіре берісте 25-30 жас шамасындағы белгісіз азамат базар ішінен шыға сап, есінен танып құлайды. Оны қатардағы жауынгер Дәурен Естаев байқап қалып, командирі аға лейтенант Санат Кабишевке баяндап, взвод командирі лейтенант Сергей Бурчуковпен бірге жедел жәрдем көлігіне жеткізеді. Зардап шеккен азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Тілсіз жаумен күреске қатысқан барлық жауынгерлер Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқықтарымен көтермелеуге ұсынылды. ҚР ІІМ Ішкі әскерлер баспасөз қызметі | |
|
Всего комментариев: 0 | |
Категории раздела
Международные военные новости [1613] |
Казахстанские военные новости [1986] |
Статьи по выживанию [3] |
Фильмы художественные [23] |
Фильмы документальные [14] |
Музыка [16] |
Архив записей
- 2011 Январь
- 2011 Февраль
- 2011 Март
- 2011 Апрель
- 2011 Май
- 2011 Июнь
- 2011 Июль
- 2011 Август
- 2011 Сентябрь
- 2011 Октябрь
- 2011 Ноябрь
- 2011 Декабрь
- 2012 Январь
- 2012 Февраль
- 2012 Март
- 2012 Апрель
- 2012 Май
- 2012 Июнь
- 2012 Июль
- 2012 Август
- 2012 Сентябрь
- 2012 Октябрь
- 2012 Ноябрь
- 2012 Декабрь
- 2013 Январь
- 2013 Февраль
- 2013 Март
- 2013 Май
- 2013 Июнь
- 2013 Июль
- 2013 Август
- 2013 Сентябрь
- 2013 Октябрь
- 2013 Ноябрь
- 2013 Декабрь
- 2014 Январь
- 2014 Май
- 2015 Февраль
- 2015 Март
- 2015 Октябрь
- 2016 Январь
- 2017 Январь