Главная » 2013 » Ноябрь » 1 » "Қасым" (1, 2, 3, 4 бөлімдер)
01:12
"Қасым" (1, 2, 3, 4 бөлімдер)

1-ншi бөлім


 2-ншi бөлім


3-4 бөлімдер

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Қасым» көркем фильмі көрсетілмек. 4 сериялы көркем туындыны «Қазақстан» РТРК, КТК, «Бірінші арна Еуразия» телеарнасы мен INTRA Communication (Ресей) және FILM UA (Украина) бірлесіп түсірді.

Фильм - аты аңызға айналған барлаушы, қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсеновтың біртуар болмысы хақында. Диверсанттар тобын басқарып, майдан шебіне енген Қасымның барлық сарбаздары сатқындықтың кесірінен фашистердің қолынан опат болады.

Жападан жалғыз жау шебінде қалған Қасым өзіне берілген тапсырманы қайтпас қайсарлықпен орындап, жаудың қару-жарақ қоймасын жояды. Соғыс уақытындағы сатқындық, күдік, қорқынышқа қарамай жергілікті халық Қасымға көмекке келеді. Немістің ақсүйек барлаушысы қазақтың жаужүрек батырына төтеп бере алмайды.

Танымал ресейлік режиссер Леонид Белозорович пен сценарий авторы Андрей Курейчик фильм желісіне заманауи кинематография арсеналы - психологиялық қайшылықтар, жойқын шайқас пен лирикалық көріністер арқылы ерекше реңк берген.

Көркем фильмдегі негізгі кейіпкердің рөлін Қ.Қуанышбаев атындағы драма театр актері Қуандық Қыстықбаев сомдады. Сонымен қатар, туындыда Владимир Гостюхин, Михаил Евланов, Александр Лыков, Александр Петров, Мария Луговая сынды танымал актерлар да ойнайды.
Категория: Фильмы художественные | Просмотров: 1334 | Добавил: Marat | Теги: кино, видео, Касым, Касым Кайсенов | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
Календарь
«  Ноябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930