Қоян-қолтық ұрысының шеберлері Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Кубогіне таласты - 15 Сентября 2013 - Казахстанский военный сайт
Главная » 2013 » Сентябрь » 15 » Қоян-қолтық ұрысының шеберлері Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Кубогіне таласты
22:14
Қоян-қолтық ұрысының шеберлері Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Кубогіне таласты


Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 12 мен 14-і аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Кубогі үшін қоян-қолтық ұрыстан тұңғыш рет халықаралық турнир өз жалауын көтерді. Татами төрінде өзара мықтыны анықтау үшін Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан және еліміздің күш құрылымдарынан жинақталған 200-ден аса спортшы сегіз салмақ дәрежесінде бабы мен бақтарын таластырды.

Елорданың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық сайысқа Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері бойынша Агентігі, Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы мен қоян-қолтық ұрыс Федерациясы мұрындық болды.

Мәртебелі меймандардың қатысуымен өткен жарыстың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов спортшыларға тартымды жекпе-жектер тілеп, жеңіске шын мықтының жетуіне ілтипат танытты.

Үш күн бойы шаршы алаңның шаңын қаққан қоян-қолтық ұрысының шеберлері жігерлерін қайрат, жеңіске жетуге қамшы басты. Бұл тұрғыда, әсіресе, алаң иелері – Ішкі әскерлер спортшыларының тегеуріні өзгелерінен мықтырақ көрінді. Ресейдің Новосібір облысынан келген «Витязь» күрең береттер бауырластығының жекпе-жек шеберлері жеңіске деген жігерлігімен танылып, көрермендердің көзайымына айнала білді.

Нәтижесінде сегіз салмақ дәрежесінің тең жартысында Ішкі әскерлер жауынгерлеріне тең келер қарсылас табылмады. 60, 65, 70 және 75 келі салмақта сәйкесінше Атамекен Байлоллаев, Дәурен Қадырбеков, Талғат Сапарғалиев және Сұлтан Зейнеловтар жеңіске жетті.

80 келіде Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің спортшысы Рустам Атабаев топ жарса, 85 келіде Ішкі істер Министрлігінің қызметкері Райхан Мадинов қарсылас шыдатпады. 90 келіде ҰҚК Шекара қызметінің намысын қорғаған Нұрбол Түрешбаев бірінші орын алды. Ал ең ауыр – 90 келіден жоғары салмақта ІІМ тағы бір спортшысы Павел Лысенко жеңіс тұғырының бірінші сатысына орын алды.

Жалпыкомандалық сында Республикалық Ұлан құрамасы үшінші нәтиже көрсетсе, Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің командасы екінші болды. Ал жарыс жеңімпазымен бірге Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Кубогін Ішкі әскерлер құрамасы еншілеріне жазды.

Жеңімпаздар және жеке біріншіліктегі жүлдегерлер медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады

ҚР ІІМ Ішкі әскерлер баспасөз қызметі
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 795 | Добавил: Marat | Теги: Талгат Сапаргалиев, Султан Зейнелов, Кубок Главнокомандующего ВВ МВД РК, Даурен Кадырбеков, Атамекен Байдоллаев, ВВ МВД РК, Павел Лысенко | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Календарь
«  Сентябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30