Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде Ішкі әскер жауынгерлері батылдық көрсетті - 19 Ноября 2013 - Казахстанский военный сайт
Главная » 2013 » Ноябрь » 19 » Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде Ішкі әскер жауынгерлері батылдық көрсетті
21:47
Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде Ішкі әскер жауынгерлері батылдық көрсетті
Кешегі күні Алматыдағы «Құлагер» базарында орын алған өрт апатын жоюға қалалық Ішкі істер департаменті полиция қызметкерлерімен бірге Ішкі әскердің 5571 әскери бөлімінің құрамында екі жүз жауынгері бар жедел әскери жасағы тартылды.

Қазіргі уақытта жеке құрам оқиға орнында ұрлық-қарлық пен базар аумағына азаматтардың заңсыз енуіне жол бермеу мақсатында жауынгерлік қызмет атқаруда. Қызмет барысында Ішкі әскер сарбаздары батылдық пен қырағылық үлгілерін танытуда.













Мысалы, жедел мақсаттағы взвод командирі аға лейтенант Равшан Розматов әскери тізбекті аралау кезінде жанып жатқан ғимараттардың бірінен ес-түссіз құлап жатқан 30-35 жас шамасындағы әйелді байқап қалды. Дереу қатардағы жауынгер Марат Қазимов екеуі әлгі әйелді қауіпсіз жерге алып шығып, оған әскери фельдшер прапорщик Жұлдыз Садықова алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккен әйел адам есін жиған соң, оның осы базарда сатушы болып жұмыс істейтін Әйгерім Ибраева екені анықталды.

Осы күні сағат 09.10 шамасында белгісіз 4 азамат бутиктердің біріне еніп, анасының тапсыруымен заттарды күзетіп тұрған 10-12 жас шамасындағы қыздың қарсылығына қарамастан, ондағы мүлікті ұрлауға әрекет жасап жатқанда сержант Нұрбек Мамбетұлы бастаған әскери жасақ көмекке келген. Шұғыл түрде әскери жасақ ұрлық жасамақ болғандардың екеуін қолға түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал, зардап шеккен Назгүл есімді қыз әскери фельдшер медициналық жәрдем көрсеткен соң, ата-анасына тапсырылды.

11 сағат 20 минутта «Құлагер» базарына кіре берісте 25-30 жас шамасындағы белгісіз азамат базар ішінен шыға сап, есінен танып құлайды. Оны қатардағы жауынгер Дәурен Естаев байқап қалып, командирі аға лейтенант Санат Кабишевке баяндап, взвод командирі лейтенант Сергей Бурчуковпен бірге жедел жәрдем көлігіне жеткізеді. Зардап шеккен азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.

Тілсіз жаумен күреске қатысқан барлық жауынгерлер Ішкі әскерлер  Бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқықтарымен көтермелеуге ұсынылды.

ҚР ІІМ Ішкі әскерлер баспасөз қызметі
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 503 | Добавил: Marat | Теги: Санат Кабишев, Нурбек Мамбетулы, ВВ МВД РК, Марат Казимов, Равшан Розматов, Жулдыз Садыкова, Даурен Естаев, Сергей Бурчуков | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Календарь
«  Ноябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930