Главная » Статьи » Советский Казахстан » Казахстан во время второй мировой войны

Берлинге барған Бай-Өлке танксі

 фото в большом разрешении - http://baiolke.com/wp-content/uploads/2011/05/TankBayanUlgii1.jpg

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бай-өлкенің қазақтары соғысқа көмек жинап берген. Аймақтық архив қорында сақталған мәліметтерге қарағанда: 1941-1942 жылдары аймақ халқы 702 899 сомның дүниесін жинап, 4791 күлігін (жылқы) майданға жіберген. 1943 жылы 376 370 сомды ақшалай табыстап, оған қосып 2629 жылқы берген. 1944 жылы 103 768 сом жинап, тағы да 791 ат дайындаған. 1945 жылдың басында 1071 ат берген екен (аймақтық архив қоры, ф-4, хд-3).


Осы жиналған дүниелерді майданға жеткізіп беріп, елдің аманатын табыстау үшін сол кездегі аймақ басшыларының бірі – Қашқынбай Мәлікұлы дейтін азамат 1942 жылы қысқа салым жолға шығады. Аяңдап Мәскеуге барады.

Қашекең осы сапары жайында 1985 жылы Ұлы жеңістің 40 жылдық мерекесі қарсаңында «Өмір өрнектері» дейтін көлемді естелік жазып қалдырыпты. Осы естеліктен үзінді келтірсек: «…1942 жылдың күзінде мені Ұлан-батырға шақырды. Қызыл Армияға көмек апаратын топтың құрамына енгізіпті. Делегацияны маршал Х. Чойбалсын бастап жүрді. «Төңкерісшіл Монғолия» атты танк колоннасын сыйға тару үшін 1942 жылы қараша айында жолға шықтық. 1943 жылы 12 қаңтар күні Мәскеу маңындағы Наро-Фоминский дейтін шағын қалашықта Монғол жұртының қаражатына жасалған 53 танкті полковник М.Т.Леонев басқарған 112-ші Қызылтулы танк бригадасына тапсыру рәсімі өтті. Мен қабырғасына «Баян-Улгей» деген үлкен жазуы бар танкті экипаж командирі Резковқа тапсырдым. Ол мені танкке отырғызып ары-бері алып жүрді. Бай-өлкеліктер жинап берген азық-түлік, киім-кешекті солдаттарға үлестіріп бердім. Жиын соңында бригада командирі: – Біз бұл танкілермен Берлиннің көшесін таптаймыз, – деді».

Жоғардағы 112-ші танк бригадасы туралы Моңғол баспасөздерінде көп жазылыпты. Монғол елі сыйлаған 53 танктің он шақтысы 5375 шақырым жол жүріп Берлинге бірақ барған. Бір таңғаларлық жағдай «Баян-Улгей» атты біздің танкте аман-есен Берлинге тұмсық тіреп тоқтапты. Осы танк бригадасынан соғыс жылдары 16 Кеңес Одағының Батыры туыпты. Соғыстан кейін бригадаға Сүхбаатар есімі берілген көрінеді.

Жоғардағы рәсімнен кейін делегацияны Бас қолбасшы И.Сталин қабылдаған. Қонақасы берген. Онда Қашекең де болған. Жоғардағы естелігінде, Сталинді жақсылап суреттеп жазыпты. «Менің қазақ екенімді біліп, аса ықыласпен құшақтап көрісті»-, дейді.

Себебі, сол тұста соғыс Мәскеуден 150 шақырым жерде жүріп жатқан. Мәскеуді қазақтар һәм қазақстандықтар қорғап қалды. Тегі Бас қолбасшы қазақтардың қадірін түсінсе керек. Қашекеңді құшақтап бетінен сүйген, белінде асулы тұрған тапаншасын суырып алып сыйға тартқан. Екеуара тұра қалып фотоға түскен. Осы фотоны түсірген адам қайтар жолда немістердің әуе шабуылына ұшырап, қаза тауыпты. Фото-мотосы түгі қалмай өртеніп кеткен. Ал, Сталин сыйлаған 747-ші нөмірлі «ТТ» писталеті қазір Бай-өлке аймақтың орталық мұражай қорында сақтаулы тұр.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Категория: Казахстан во время второй мировой войны | Добавил: Marat (22.10.2011)
Просмотров: 1901 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0