Главная » 2011 » Ноябрь » 13 » Бек Датұлы. «Мен полицияны ғана атамын»
01:44
Бек Датұлы. «Мен полицияны ғана атамын»
Тараздағы әкімшіліктің және гастрономның қасында болған атыс-шабысты көзімен көрген куәгерлердің айтуынша, құқық қорғаушыларға қарсы қару кезенген лаңкес жап-жас қазақ жігіт дейді. Ол бейбіт халыққа «Былай тұрыңдар, сендерде шаруам жоқ, маған тек полиция керек, мен соларды ғана атамын деп» айқайлаған. Оның оғынан неше полицияның қаза болғаны белгісіз. Ол оқ жаудыра отырып шегініп, көлікке мініп қашып кеткен. Полицияның рация бойынша хабарлауынан белгілі болғанындай олар мінген 373 нөмірлі БМВ ( BMW ) маркалы машина көрінеді.

Екінші лаңкес құқық қорғаушыларға жақын келіп өзін өзі жарып жіберген. Аңшылық дүкенін тонау мен қуғын кезіндегі атыс-шабыста 5 адам қаза болды дейді куәгер. ІІБ таратқан мәлімет те оны растайды. Ал, нақтыланбаған мәліметтер бойынша осы атыс-шабыстан кейін бір жарым сағаттан соң «Кайкармет» базарында болған жарылыстан отыздан астам адам қаза болған көрінеді. Әзірге құқық қорғау орындары базардағы жарылыс туралы ресми ақпарат таратқан жоқ.

 «Маса-ақпарат»
Категория: Казахстанские военные новости | Просмотров: 1179 | Добавил: Marat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0
Календарь