Главная » Статьи » Казахи и другие тюрки в иностранных армиях » Казахи и уроженцы Казахстана в зарубежных армиях

ГЕНЕРАЛ ЗАЙСАНОВ
Моңғолия әуе күшінің қолбасшысы, қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Мүдәріс Зайсанов 1948 жылы Кеңес Одағының әскери әуе күші академиясын оқып бітіріп, командалық – штаб мамандығын қосымша игереді. Кезінде оны «Як – 9», «Ил – 2» истребителінің «құдайы» дейтін. Ұстаған ұшағын әуеде ұршықша иіріп, шыркөбелек айналдырғанда адамдар таң-тамаша болған деседі.


Шынай РАХМЕТҰЛЫ, ақын

Моңғолияда тұратын қазақтар оны Жайсанап дейді. Моңғолдар Матросұлы Зайсанов дейді. Біз ол кісінің өз қолымен жазылған анкетасын көре алмадық. Бірақ Матрос емес, Мүдәріс деседі. Өз есімі Мүдәріс те, тек атасы, немесе туған жері Зайсан болуы керек. Кеңес еліндегі Азамат соғысы жылдарында қазақ па, ноғай ма, әлде татар ма екен, бір адам қуғын-сүргінде жүріп, он жасқа еркін іліне бермеген қаршадай баласын Моңғолияның батыс түкпіріндегі бір қазақ ауылға аманаттап тастайды да, кейін өзі із-тозсыз марғау кетеді. «Тас түскен жеріне ауыр», – дейді қазақ. Мүдәріске бас-көз болып қалғандар осал ауыл емес еді. Моңғолия қазақтарының алғабасар зиялыларының басты өкілі, Шеруші уәлаяты басшыларының бірі Райысхан Әукеұлы оны өз бауырына басқан баласы ретінде аялы алақанына алды. Бала көбінесе оның анасы Анардың тәрбиесінде болып, 1928 жылы осы өңірде орнаған алғашқы қазақ мектепке түсіп оқып, хат таниды.

1929 жылы Кеңес Одағынан келген ағартушы Абай Қасымов, Шәріп Өтеповтардың ұйымдастырған іс-қызметіне белсене қатысып, қазақ ортасында төңкерісшіл жастар ұйымын ұйымдастырады. Қобда қаласында ашылған курста оқып, білім сауатын арттырады. 1930 жылы қазақтың отыздай ұл, қызын Шығыс еңбекшілер университетіне (КУТВ) аттандырғанда солармен бірге кетеді де, өзі зерек, әрі қаршадайынан орыс тілін білетін бала әуелі атты әскер училищесін оқиды да, одан соң Орынбордағы әуе күші училищесінен оқып, лейтенант дәрежесімен бітіреді.

1939 жылы Моңғолияның шекарасына Қытай гомиданы ғана емес, жапон милита­ристері де аш көздене төніп келген аса бір күрделі ойпыл-тойпыл кезең еді. Мектепті үздік бітіріп, әскери әуе күшінің техникаларын жетік игерген Мүдәрісті Моңғол халық армиясының басшылығы бағалай біліп, осы жылы әу басында капитан шенді эскадрил әмірі етіп, бірер айдан кейін Моңғолия әуе күшінің бас командирі етіп тағайындап, полковник дәрежесіне өрлетті. Осы жылы күзде Халхингол (Қалқа өзені) жағасында өткен шайқаста жапон милитаристеріне қарсы тоғыз ұшақты өзі бастап, 300 шақырымға екі сағат ұшып, қарсы жақтың басты күштерін бомбамен күлпарша ете соқты.

Осы 1939 жылға дейін Моңғолия қазақтарына әскери азаматтық міндет жүктелмеген еді. Бірақ Баян-өлкеден Ұланбатырға барып әскери мектеп оқыған лейтенант Ікей Мәзімұлы Халхингол шайқасына атты әскер ротасын бастап қатысып, Ганганбайгал деген жерде қиян-кескі ұрыста ерлікпен қаза тапты. Екі-ақ қазақ сонау бір ежелгі заманда ғұн, түркі, қыпшақ бабаларының мекені болған жерді осылай қорғады. Ікей Мәзімұлына кейін Моңғолияның батыры атағы берілді. Моңғолия қазақтарынан шыққан бір батыр, бір генерал, міне, осы екеуі еді. Мүдәріс генерал шенін 1944 жылы алған болатын.

Жеңіс салтанатында Мүдәріске майдан даңқы Қызыл Ту ордені берілді. Осындай орденмен ол бұдан кейін де екі рет, Алтын жұлдыз орденімен екі мәрте сыйланған және 1945 жылғы жапон милитаристерінен азат ету шайқасында жасаған ерліктері үшін Кеңес Одағы тарапынан И.В.Сталиннің жарлығымен майдан даңқы Қызыл Ту орденімен сыйланған.

Тағдыр шіркін қазақты талай тәлкек етті ғой. Қызыл империя тұсында алаш көсемдерін, өз ұлтымыздың нағыз жанашыр сарбаздарын жау санадық.

Моңғолияға Кеңес Одағы Коминтерн тарапынан жасырын тапсырмамен келіп шекаралық әскери отрядтың кеңесшісі болған Кенжебек Рүстембекұлы Көшеновты «Аэроплан уақиғасы» тұсында 1934 жылы Алтайдың теріскейінен күнбетіне қайта үрке ауған ағайындар «қатыгездігі» үшін азаптап өлтіріп кетті. «Қатыгез» болатын жазығы – өкіметтік, партиялық, әскери тапсырма бойынша ол ауылдарды шекарадан аулақ, ішкерілетіп зорлап көшіру әрекеті еді. Ол тапсырма орындалмаса өз басы кесілуге тиіс. Моңғолия әскери шекарасының 5-отрядының кіші лейтенанты қазақ Әділханның 1946 жыл 25 қарашада өз ықтиярымен жауынгерлік міндетінен бас тартып жұмбақ жағдайда бой тасалап қашып кетуі де әскери-саяси күрделі жағдайларды аңғартады. Сол секілді 1947 жылы 3 маусымнан Бәйтік тауы маңында Оспан батыр Исламұлы мен Моңғолия Батыс шекаралық әскери күші арасында бірнеше тәулікке ұласқан қиян­кескі ұрыс болды. Атты, жаяу әскерлермен қоса Мүдәріс бастаған әуе күшінің де бұл шайқастан бас тартуға лажы жоқ еді. Яғни, соғыста қазақты қазақ опат етті. Бір ғажабы және осы шайқаста Моңғолия шекаралық әскерінің қазақ лейтенанты Жанәбілхан Жанбазарұлы да арпалыста мерт болды. Оның тағы бір қайғылы күйі – Жәнәбілхан ағамыздың жанын пида ете қорғап қалған сол Улиастайдағы «Команда дөңесі» де, мүрдесі қойылған жер де 1963 жылы Моңғолия–Қытай мемлекеттік шекарасы қайта белгіленгенде Қытайдың қарамағына өтті де кетті. Жауынгер Жәнәбілханның қабірі Моңғолия шекарасынан 75 қадам тысқары қалса, жалғыз батыр Ікейдің зайыбы Должин Ұланбатырда қалып, батыр атағының алтын бесбұрыш ордені немере інісі Уат­қанда, Қазақстанға, ал Мүдәріс ағаның балалары орыс нағашыларына – Ресейге кетті.

Мүдәріс Зайсанов 1948 жылы Кеңес Одағына әскери әуе күші академиясын оқып, бітіріп, командалық – штаб мамандығын игерді. Кезінде оны «Як – 9», «Ил – 2» истребителінің «құдайы» дейтін. Ұстаған ұшағын әуеде ұршықша иіріп, шыркөбелек айналдырғанда адамдар таң-тамаша болған.

«Өкімет үйінің төбесіне ұшақ қондырамын» деп маршал Чойбалсаннан сөгіс естіпті дейтін сөз, көптеген аңыздар бар.

1950 жылы ұлттық Баян-өлгей аймағы он жылдық мерекесін белгіледі. Баян-өлгейдің топырағына осы тойда алғаш рет ұшақ қонды. Темір пырақ ұшақ иесі – осы өлкенің төл түлегі атанған Мүдәріс еді. Бас министрдің бірінші орынбасары Ш. Сүрэнжавпен бірге келді. Ол кезде Зайсановтың өзі 1940 жылы шақырылған мемлекеттік 8-құрылтайдан бастап Кіші Хурал (парламент) мүшесі болатын.

1967 жылы 19 қарашада Мүдәріс Зайсанов үйдің қабырғасына сүйеніп тік тұрған күйінде қайтыс болды. Қыран шыңда өледі деуші еді. Құрметті қарауыл сапқа тұрып, үкімет басшылары бастарын иіп, мүрдесі «Катюшаның» тұғырына қойылып, оркестр ойналып, әлденеше дүркін зеңбірек атқылап, Ұланбатырдағы «Алтын бесік» зиратына жерленді. Қадірліге саналған бұл жерге қазақтан алғаш 1934 жылы сауда министірінің орынбасары тұрған Самыхан Өкшебайұлы жерленген екен. Оның жаназа намазы Амгаландағы ұйғыр мешітінде шығарылыпты. Ал Мүдәріс марқұмға діни рәсім жасалған жоқ. Кейін осы зиратқа 20 жыл Құрылыс министрі болған Тілейхан Орынұлы, ғалым, профессор Қамбар Өмірбекұлы жаназаланып қойылды. Моңғолия үкіметі мен партиясының орталық органы «Үнэн» (Ақиқат) газетінің 1967 жылғы 20 қарашадағы санында басылған қаралы хабарда: «М.Зайсанов жолдас 1910 жылы Баян-өлгей аймағының Ұланхус сұмынында кедей малшы қазақтың отбасында дүниеге келген. М.Зайсанов – еліміздің тәуелсіздігі мен социализм ісі үшін саналы өмірін арнаған біздің қарт жауынгерлеріміздің бірі еді. Ол Моңғолия Халық Армиясында 25 жыл еңбек етіп, қатардағы жауынгерден генерал-майор дәрежесіне көтерілді» деп белгіледі. «Ұланхуста туған және кедей малшы қазақ отбасында» деп, «Ақиқат» газеті жаңсақ жазған. Өйткені, ол Зайсанда туғаны тек есімінен-ақ мәлім. Ал өкіл әкесі болған Райысхан Әукеұлы кедей емес, дәулетті шонжар, сонысы үшін 1938 жылы сталиндік саяси нәубетпен жазаланып кеткен еді. Ал өз әкесі, бәлкім, Кеңес Одағынан, Октябрь революциясынан қашқан «ақбанды» болар? Қалай болғанымен де М. Зайсанов Моңғо­лияның елдігін, қазақ халқының абырой-намысын қорғауда ерен ерлік жасаған елеулі тұлға.

Ол әсіресе өзінің бір топ ізбасарларын, жолын қуған жас қырандарды өз ауылынан, Әуке әулетінен баулып тәрбиеледі. Солардың бірі – Моңғолияға еңбек сіңірген ұшқыш Таштуан Дөтейұлы Әукетегі. Осы еңбегі және тұңғыш шәкірті болғаны үшін Ұланхустағы қазақ орта мектебіне 1981 жылы М. Зайсановтың есімі берілді. Моңғолияда 1904 жылы туған Дәлелхан Сүгірбайұлы 1929 жылы Шығыс Түркістанға белгісіз себептермен «құпия» өтіп кетіп, артынан Шығыс Түркістан Республикасының көсемінің бірегейі болып, генерал-майор атағын алған еді. Сол Дәлелхан басқарған уәлаятқа келген Мүдәріс оның орнын басты. «Адамның басы – Алланың добы» деген осы болса керек.


http://dmk.kz/?p=8092

Категория: Казахи и уроженцы Казахстана в зарубежных армиях | Добавил: Marat (21.10.2011)
Просмотров: 2915 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 1
1 Marat  
0
ЗАЙСАНОВ Хамза Ерзинулы
[..1910 - ..1967]

Согласно монгольским данным - казах, уроженец Баян-Улгий, сомона Улаанхус.
с 1931-33г - Тамбовский кавалерийское военное училище, Оренбургское летное училище.
с 1939 - командующий монгольских ВВС.
1945 г освободительной войне командовал монгльскими воздушными силами. 1948-51 москве учился в академии ВВС и т.д
1947-48 - участвовал в военных действиях на Западе Монголии /вероятно имеется в виду борьба против казахов-повстанцев Оспан-батыра, которые оперировали и в Монголии/;
генерал-полковник.

***

По казахстансим данным

Родился в Зайсанском уезде.
В 1920-х гг. вместе с родней откочевал в Монголию.
В 1932 году обучался в Оренбургском летном училище имени К.Е. Ворошилова, и в дальнейшем он заложил основы воздушных сил Монголии.
1 декабря 1938 года в Монголии впервые формировался авиационный полк, командиром которого был назначен Зайсанов.
В 1939 году полковник Зайсанов участвовал в боевых операциях против японской агрессии, где он лично проявил героизм и мужество.
15 октября 1942 года Зайсанов назначается командующим воздушными силами Монголии.
В 1943-1944 годах Зайсанов участвовал в боях против Гоминдановских войск Китая.
В апреле 1944 года народным хуралом Монголии Зайсанову было присвоено воинское звание "генерал-майор авиации". В тот же период он награжден сначала монгольским, затем советским орденом боевого Красного Знамени, затем он стал кавалером третьего ордена Красного Знамени.
В 1948 году Зайсанов направлен в Военно-воздушную академию СССР, где обучался до 1950 года, однако об окончании академии данных нет.
В 1965 году после тяжелой и продолжительной болезни Зайсанов скончался, похоронен в Улан-Баторе.

Дочь - Жанна закончила Иркутский университет, сын - Геннадий, полковник медслужбы - проходил службу в Забайкальском военном округе

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0